Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астаналықтарға не себепті артық ақша қайтарылып жатыр?
Жаңалықтар

Астаналықтарға не себепті артық ақша қайтарылып жатыр?

10.04.2023
1 мин
1
1483

Астанада прокуратураның араласуынан кейін электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындарға ақшалары қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

«Биыл әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін жоғары шоттар белгіленгені туралы жарияланымдар жиілеп кетті.

Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің («Астана-АЭК» АҚ және «Астанаэнертұтыну» ЖШС) қатысуымен талқыланды.

Анықталғандай, энергиямен жабдықтаушы ұйымның деректерді қабылдап-жинақтауды тиісті ұйымдастырмауынан тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеген.

Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлем есептелген.

Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған.
Салдарынан қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген», – делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Еске салайық, мән-жайды анықтау үшін қала тұрғындары «Астана-АЭК» АҚ мен «Астанаэнерготұтыну» ЖШС-нің табалдырықтарын тоздыруға мәжбүр болған еді.

«Саны шектеусіз адамдар тобының құқығы бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді.

Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды.

Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ бірнеше он мыңдаған абонентке электр энергиясының көлемін қайта бөлді.

Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасып жатыр және прокуратураның бақылауында», – делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындар мен мекемелер Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өз бетімен де жүгіне алады.

фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Е
ЕРКЕ 10.04.2023
Алматы қаласы ,Іле ауданы,Жомарт саяжайында тура осы жағдай.Бізді еститін құлақ жоқ.28тг ден төлейміз.Ал председатель қаланың тарифымен төлейді.Халық саны көп ауыл атағы жоқ.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл