Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қалалық мәслихат депутаттары мен Байқоңыр ауданы әкімінің қатысуымен сауда үйлерінің жанында орналасқан арнайы жәшіктерге әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп рюкзактары салынды, деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов былтыр аталған акция аясында кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, депутаттар, қоғам белсенділері қатысқанын айтты.
«2022 жылы осы акция бойынша 8000-нан астам бала қамтылды, биыл бұл көрсеткішті 8500 оқушыға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы жиналған сома 546 млн теңгені құрады, биыл бұл сома бірнеше есе көп болады деп күтіліп отыр. Бұдан басқа, жалпыға бірдей оқыту аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектепке қажетті заттар алу үшін қосымша төлемдер беріледі. Былтыр бұл сома 40 000 теңгені құрап, 13 500 балаға тапсырылса, биылғы 41 000 теңге 14 500 балаға беріледі. Балаларды мектепке дайындау үшін мемлекет барлығы 590 млн теңге бөлді. Елорда кәсіпкерлерін, ірі кәсіпорындардың басшыларын және депутаттарды осы іс-шараға бей-жай қарамауға және қатысуға шақырамын», - деп атап өтті қалалық мәслихат төрағасы.
Акцияға қатысқан Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген аудан бойынша жәшіктер үш орынға қойылғанын айтты. Олар «Аймақтау», «Жаннұр», «Тұлпар» сауда орталықтарының жанында орналасқан. Бұл қораптарға қала тұрғындары қалам, дәптер секілді кез келген оқу құралын салып кете алады.
«2022 жылы белсенді азаматтар мектеп киімдерін және оқуға қажетті нәрсенің бәрін әкелді. Бүгін қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов пен аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев бастаған қалалық мәслихат депутаттары акцияны бастады. Әр кеш сайын бокстарды ашып, ішінде жиналған заттарды әлеуметтік қызметкерлер мен мектептер арқылы ауданымыздағы 1000-нан астам әлеуметтік осал отбасылардың балаға береміз», - деді әкімнің орынбасары.