Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атыраулық 80 жастағы зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды
Жаңалықтар

Атыраулық 80 жастағы зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

07.08.2025
1 мин
0
337

Атырауда 80 жастағы зейнеткер өзіне күтім көрсетпеген 8 баласы мен бір немересіне қарсы сотқа жүгініп, алимент өндіріп алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қария денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, сотқа арыз берген. Оның айтуынша, он жылдан астам уақыт бойы жалғыз тұрып келеді және туыстарының көмегіне зәру. Қартқа тек бір ұлы ғана қолдау көрсетеді екен.

- Атырау қалалық соты тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын зерттей келе, талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен зейнеткердің тамақ және дәрі-дәрмек шығындары үшін 8 баласы мен бір немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді, – делінген хабарламада.

Анықтама: 2025 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 3 932 теңге. Яғни әрқайсысынан ай сайын 11 796 теңге өндірілмек.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Құқықтық негіз: ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 145-бабы 1-тармағына сәйкес, кәмелет жасқа толған, еңбекке қабілетті балалар қартайған әрі көмекке мұқтаж ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Ал егер мұндай көмек көрсетілмесе, ата-әжелер жұмысқа жарамды немерелерінен де алимент өндіру құқығына ие (153-бап).

Еске салсақ, биыл наурыз айында Әділет министрлігі алиментке байланысты 283 мың іс өндіріске алынғанын хабарлаған. Оның ішінде 272 мыңы – ер адамдарға, ал 11 мыңнан астамы – әйелдерге қатысты

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл