Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.
Полицияға отбасында болған қанды драма туралы хабарлама 20 желтоқсанда шамамен сағат 06.55-те келді. Оқиға туралы Құқық қорғау органдарына шақыру бойынша келген жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлады: медицина қызметкерінің айтуынша, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне кеуде аймағына салынған пышақ жарақатымен 30 жастағы әйел жеткізілген.
Жәбірленушінің мекенжайын біліп, оқиға орнына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді. Материалдарды бастапқы жинау кезінде әйелге жараны оның жұбайы жасағаны анықталды. Өзі бірден оқиға орнынан қашып кеткен.
Күдіктінің белгілерімен бағдарлау дереу патрульдік полиция батальонының барлық жасақтарына берілді. 2 сағаттан өткен соң 26 жастағы ер адамды ППБ экипажы ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді. Сондай-ақ оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер қылмыс құралы – ас үй пышағын тауып, тәркіледі.
Ұсталған адамның айғақтарынан оқиға болған түні жұбайы екеуі арасында ауызша жанжал болғаны, ер адам сол кеште алкоголь ішкені белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторын қамалды.