Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы екі есе өседі
Жаңалықтар

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы екі есе өседі

02.06.2022
1 мин
26
11502

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында балабақшаларға қойылатын талаптар туралы жазды.

«Орнатылған бейнекамералардың арқасында қоғам балалардың құқықтары бұзылған фактілер туралы хабардар отыр. Бұл балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігі туралы ұстанымымыздың өзектілігін растайды. Он жылдан астам уақыт бұрын балабақшалар санының жылдам өсуін ынталандыру үшін лицензиялаудан, кейін мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін реттеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Ол қандай нәтиже берді? Жекеменшік балабақшалар саны күрт артып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бірден 99%-ға дейін қамтылды. Бұл - жақсы нәтиже. Алайда балабақша санын көбейтуге мүмкіндік болса да, сапаны арттыру өзекті болып қала береді», - деп жазды А.Аймағамбетов.

Оның айтуынша, балабақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылған. Мұндай фактілер жеткілікті.

«Екі жыл бұрын біз лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды қайтаруға әрекет жасадық. Алайда сол кезде кәсіпкерлер палатасының, балабақшалар қауымдастығының және бірқатар мемлекеттік органның ұстанымы бұл норманы заңға енгізуге мүмкіндік бермеді. Бірақ біз бұл бағытта жұмысты тоқтатпадық. Өткен жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау жүйесін енгізе алдық. Аттестация нәтижесі көңілден шықпады. Тексерістен өткен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады. Әңгіме балабақшадағы бүлдіршіндерге қолайлы жағдай жасалмауы, оқу-тәрбие жұмыстарының мемлекеттік білім беру стандартына, қауіпсіздік техникасы, өрт және санитарлық нормалардың талаптарға сәйкес келмеуі, тәрбиешілердің қол көтеруі және басқа да келеңсіз фактілер туралы болып отыр», - деді министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы туралы айтты.

«Тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз болып отыр. Қазір біз бірнеше балабақшада пилоттық жоба бастадық. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады. Кейін пилоттық жоба нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Әрине, жекеменшік балабақша ашатын кәсіпкерлерді қолдау маңызды екенін түсінеміз. Бірақ біздің жұмысымыздағы басты бағыт – балалардың қауіпсіздігі және оларға қолайлы әрі сапалы жағдай жасау. Мұндай ережелер ата-аналар үшін маңызды және адал кәсіпкерлер үшін пайдалы деп есептеймін», - делінген министр жазбасында.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
26 Пікір
.
.... 30.08.2022
Саламатсыздарма! Шағын орталық пен Балабақша тәрбиешілерінің жұмыс уақыты бөлек болама? Жалпы мен шағын орталықта жұмыс жасаймын басқалардың айтуынша 5сагат 1ставка десе бізде 8сағат жүреміз сол 1ставка дейді бұл қалай сонда бізді еріксіз жұмыс жасатып жатырма басшылардан сұрасақ дені дұрыс жауап жоқ даже қазақшылыққа салынып сендер 10жарым сагат жұмыс жасауларың керек дейді бұл не масқара?
Жауап беру
А
Анара 28.01.2023
мекеме басшысы мен профсоюз окили бир тарап жане сиз 2 ши тарап арасында даулы жагдай шешилмеген жагдайда профсоздын калалык облыстык болиминде шешип беруин сураныз жазбаша турде содан сон да шешилмесе сотка кайырылсаныз болады сиздин енбек уакыты кукыгынызды бузып отыр
Жауап беру
.
.... 30.08.2022
Саламатсыздарма! Шағын орталық пен Балабақша тәрбиешілерінің жұмыс уақыты бөлек болама? Жалпы мен шағын орталықта жұмыс жасаймын басқалардың айтуынша 5сагат 1ставка десе бізде 8сағат жүреміз сол 1ставка дейді бұл қалай сонда бізді еріксіз жұмыс жасатып жатырма басшылардан сұрасақ дені дұрыс жауап жоқ даже қазақшылыққа салынып сендер 10жарым сагат жұмыс жасауларың керек дейді бұл не масқара?
Жауап беру
Г
Гүлмира 27.08.2022
Оклатпен төлене ме,әлде бала санына қарай ма
Жауап беру
Г
Гулжан 25.07.2022
Біздің жеке меншік балабақша да күнде бір тәрбиеші азаннан кешке дейін 24 баламен жұмыс істейді. Бірақ айлық жүз мыңға да жетпейді. Биыл шілде айында аттестация өткендер ғана 25 пайыз коса аласыңдар деген соң ,барып бағымызды кордык, сурактары түсініксіз, біздің баламен жумыс жасап жүргенімізге лайықты сурактары көре алмадым, біз ең бастысы балаға дурыс карп, оқу қызметімізді жаксы атқарып жүргенімзді бағаласа деймін. Тест сурактары тәрбиешілерге қатысы жоқ сияқты. Аттестациядан өте алмадым , сол септен тәрбиешілердің айлығы туралы қарастырса екен .
Жауап беру
С
Салтанат 13.08.2022
Тесты ка ндай сайттан тапсырдыныз
Жауап беру
М
Марияш 02.07.2022
Күнде таңертеңнен кешке дейін істемей ақ қояйықшы. Олай қосатын жалақысы керек емес.Жарты күн істеп берген мардымсыз жалақыны алып жүре берейік.Жетпейтін ақша бәрібір жетпейді. 25 баламен жұмыс жасау оңай ма.Оларды утренникке дайындауымыз бар. Жарты күннің өзінде үйге фамилиямызды ұмытып келеміз. Үйге келіп қағаз жұмысын жасаймыз. Өз баламызға қарауға шама болмай қалады. Біздің де бала шағамыз бар ғой.Оларға да көңіл бөлу керек, сабағын қаратып дегендей. Миллиондаған жалақысын өздері ала берсін.
Жауап беру
14.08.2022
Бәрі бір сол жалақы шығп тұр гой таннан кешке дейін 2 куннің жұмысын 1 кунде жасаймыз еще кунде кунде
Жауап беру
14.08.2022
Бәрі бір сол жалақы шығп тұр гой таннан кешке дейін 2 куннің жұмысын 1 кунде жасаймыз еще кунде кунде
Жауап беру
19.07.2022
Мен сізді өте жақсы түсінем..керек емес күні бойы. .өте қиын жұмыс
Жауап беру
А
Арай 05.08.2022
Дұрыс айтасыздар,екі тәрбиеші Таңғы 7:30 кешкі 18.30…19:00 дейін жүрсе топтағы 25-30 баланы,2 есе өсіріп қоятын шығар.Олай жалақыны өсіріп не керек,өз отбасыларын,өз балаларын ұмытады ғой.
Жауап беру
Д
Диля 03.06.2022
Танертеннен кешкедиин 25 баламен жумыс жасау кунде невозможно вот жалакыны котеру керек рас жекеменшик бб да жалакы оте аз тогда кешкедиин болса топтагы бала санын азайту керек
Жауап беру
Ж
Жадыра 03.06.2022
Көмекши тарбиешилердин де жалакысын көтерсе отпускасын узартса Таннан кешке деин журеди к/тарбиеши Сол жағын карастырса
Жауап беру
А
Айнур 02.06.2022
Балбақшаның тех.персоналдарының, повардың, нянканың зарплатасын неге көтермейді, балабақшаның бүткіл ауыр жұмысының бәрін солар жасайды. Хлормен жұмыс жасайды. Балдардың боқ, сідігін жуады.
Жауап беру
А
Анар 05.06.2022
Балабақша қызметкерлерінің бәрінің айлығын түгел көтеру керек ,әдіскер де азаннан кешке дейін жүреді төменгі жалақы алады, лауазымдық міндетіне кірмейтін жұмыстар да әдіскердің мойнында ,бітпейтін отчеттар кешке кететін кезде келеді , уақытын жөндеу керек
Жауап беру
А
Анар 05.06.2022
Балабақша қызметкерлерінің бәрінің айлығын түгел көтеру керек ,әдіскер де азаннан кешке дейін жүреді төменгі жалақы алады, лауазымдық міндетіне кірмейтін жұмыстар да әдіскердің мойнында ,бітпейтін отчеттар кешке кететін кезде келеді , уақытын жөндеу керек
Жауап беру
А
Айгерім 02.06.2022
Таңертеңнен кешке дейін жасаймыз жалақы 145 мың өскені осы. Жартылай гос болсада осындай зарплата неге екен?
Жауап беру
М
Мадина 02.06.2022
Жекеменшік балабақшалардың барлығы айлығын толық бермейді күнүзін жүрген тәрбиеші де 80000алады.Жекеменшік балабақша басшыларын жауапқа тарту керек.
Жауап беру
Г
Гүлсім 02.06.2022
Тек тәрбиешілер емес, бала күтушілердікінде көбейту керек
Жауап беру
М
Молдир 02.06.2022
Жеке балабақшалар дың жалақысы өсіреді,өз қолына түскен соң бастықтың.оны тікелей мемлекет жұмысшыға толесе жақсыға.....
Жауап беру
М
Мади 02.06.2022
Өте дұрыс қосылам
Жауап беру
Л
Ляззат 02.06.2022
Күні бойы 25-30 баламен жұмыс жасап тәрбиешілер шаршайды,ақша аламын деп букіл неврсі құриды
Жауап беру
Л
Ляззат 02.06.2022
Екі есе ақша өседі демей,екі адамның жұмысын жалғыз өзі жасайды демейді ме
Жауап беру
М
Маржан 02.06.2022
Енді жаксы жұмыс жасайтын шығар
Жауап беру
Г
Гүлсім 03.06.2022
Бір топта 30 дан аса бала бала санын азайту керек 15. 20 дан артык болмау керек касыңдагы кыздвр б шыкканда декретке кеткенде куні бойы журемыз сонда неге екі кісіннің акщасы косып төленбейді ешкым жырғаныннан жүрмейді зарплата аз нәрсе қымбат 3,4 баланы жалғыз асырау киын өз балаларыңды ұмытып акша аз жетпеген соң жұрттын балаларының соңында жүреміз осының бәрі тәрбиешілердің мвктылыгыннан емес зарплата аз жетіспеушілыктен егер зарплатаны қосса калталарыннан беретіндей дурыс төлемейтін жерде бар көп акша өтпейді ала алмайсың деп айта берсең жыр бітпейді есепші ма кім жауапты акшаны дурыс түсіруге соны тексеріп қадагалап отырсада жаксы болар еді айта алмай жүрген жырымыз канша естір қалақ болса тыңдамаған сөз жетім деп сөзіміз жетім кай кай балабакшанның тәрбиешілерін тексере бергенше алып отырған жалакыларында тексеріп карап отырса кағаз бетіне пәлен жүз мың деген лакпа санға сенбей
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл