Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл жүкті әйелдерді перинаталдық скринингпен қамту 10%-ға өсті
Жаңалықтар

Биыл жүкті әйелдерді перинаталдық скринингпен қамту 10%-ға өсті

11.10.2024
1 мин
0
91
Сурет: ОКҚ

Биыл жүкті әйелдерді перинаталдық скринингпен қамту 10%-ға өсті. Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан дөңгелек үстелде айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұрық патологиясын ерте анықтау үшін биыл жүкті әйелдердің 87%-ы перинаталдық скринингтен өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары. Ана мен бала денсаулығын нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

- Бүгінгі таңда 270 мыңға жуық әйел жүктілік бойынша есепте тұр. Олардың 61%-ы ұсынылған ерте мерзім 10 аптаға дейін есепке алынды. Екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 40%-дан төмен болған, - деді спикер ОКҚ алаңында.

Министрліктің мәліметінше, перинаталдық скрининг жүргізудің қолжетімділігін жақсарту және жүкті әйелдер үшін жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін еліміздің 10 өңірінде "Бір күндік клиника" жобасы іске асырылып жатыр. Акушерлікте диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу жалғасуда, босанғаннан кейінгі қан кетулермен күресудің жаңа тәсілі іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде босану саласында 5 мыңнан астам акушер-гинеколог және 9 мыңнан астам акушер жұмыс істейді, олар жыл сайын орта есеппен 400 мың жүкті әйелді босандырып, бақылайды. Қазақстанда барлығы 6 республикалық орталық, 26 балалар ауруханасы және 66 балаларды оңалту орталығы медициналық көмек көрсетеді.

Инфрақұрылымды дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында перинаталдық орталықтар мен балалар клиникаларын қамтитын көп бейінді ауруханалар салуға басымдық берілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл