Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Қадір түнін сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түніне белгіледі, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді.
Ғалымдар бұл түннің атауына байланысты бірнеше себеп келтірген:
1) Қадір түні – шәраф, яғни қадірлі, шарапатты, абыройлы түн.
2) Қадір тағдыр мағынасында келеді, яғни осы түні бір жылда болатын оқиғалар мен болмыстың тағдыры, ризық-несібесі мен ажалы жазылады.
3) Қадір сөзі құрметті, қасиетті деген мағынаға саяды. Қадір түнін ұйықтамай, құлшылықпен өткізген кісі Алла Тағаланың құзырында құрметке бөленеді.
Қадір түні қай түнге сәйкес келеді?
Ханафи мәзһабының ғалымдары нақты бір ғана түнге бекімей, кез келген түн Қадір түні болуы мүмкін екенін алға тартқан. Әйтсе де Рамазан айының 27-түнін қуатты деп бекіткен. Сахабалардан жеткен риуаяттарды зерттеген ғалым Саид Сабиқтің айтуынша, ғұламалар Қадір түнін белгілеуде түрлі көзқарас ұстанған. «Қадір түні Рамазан айының 21, 23, 25, 29-ы күндері деген ғұламалар болса да, көпшілік ғалымдар 27-түн Қадір түні деген пікірге тоқтаған. Себебі бізге жеткен риуаяттарға қарасақ имам Мүслим, Әбу Дәуіт, Термизи және Ахмад ибн Ханбалдың жеткізген сахих хадистеріңде 27-түн екені анық айтылады» дейді ғалым. Алайда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айының соңғы он күндігін мешітте иғтикафпен өткізгенін ұмытпаған жөн. Бабаларымыздың «Әр көргенді Қыдыр біл, Әр түніңді Қадір біл!» деген өсиеті осы болса керек», - деп жазады ҚМДБ ресми сайтында.
фото: muftyat.kz