Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды. Салдарынан 14 адам оққа ұшып, 25 адам түрлі жарақат алды. Бұл фактілерді Чехия полициясы жариялады.
Шабуылдап оқ атқан азамат оны құрықтау кезінде қайтыс болған. Қылмыскерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз.
Чех БАҚ мәліметінше, атысты өнер факультетінің студенті Дэвид Козак ұйымдастырған. Оның жасы 24-те болған. Суық қару ұстаған ол алдымен ғимаратқа, кейін басқа студенттер жасырынған шатыр тұсына оқ жаудырған. Полиция университеттегі оқиғадан бірнеше сағат бұрын студент әкесін де өлтірген деген күдік барын айтады.
Сондай-ақ, Козактың Праганың шекарасындағы Кленовск орманындағы толық зерттелмеген кісі өліміне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Аталған жерде 15 желтоқсанда біреу 32 жастағы ер адам мен оның екі айлық қызын атып өлтірген.