Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Даниал Ахметовтың Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы басшылығынан шұғыл түрде кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі бұл қызметтен кететіні жөнінде спорт журналисті Иван Резванцев мәлімдеді.
- ШҚО экс-әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясы басшылығынан шұғыл түрде кетіп жатыр. Енді барлық жауапкершілік 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның ең танымал жеңіл атлеті Ольга Рыпакованың мойнына түсетін сияқты, – деп жазды журналист өз Telegram-арнасында.
Резванцевтің айтуынша, 11 желтоқсанда сағат 9:30-да Астанада ҚР Жеңіл атлетика федерациясының конференциясы басталған. Дауыс беруге 28 адам қатысады. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралады:
- Даниал Ахметов федерацияны 2018 жылдың наурызынан бері басқарды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның жеңіл атлетикасы екі антирекордпен ерекшеленді: Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар санының азаюы. Токио-2020 ойындарына 10 жеңіл атлет қатысса, төрт жылдан кейін Парижге тек 7 спортшы ғана жолдама алды, – деп атап өтті журналист.