Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов кредитпен байланысты алаяқтық схемаларға банк менеджерлерінің қатысы бар деген мәліметі айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда алаяқтық арқылы азаматтардың атына кредит ашатын ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс жасап отыр. Бұл мәселе өте ауқымды, оған менің және партиямызға түскен өтініштер дәлел бола алады.
- Шығыс Қазақстан облысынан зардап шеккендер маған хабарласты. Белгісіз нөмірлерден қоңырау шалғандар азаматтарды белгілі банк филиалдарына жіберіп, сол арқылы жалған несиелер рәсімделген. Партиямызда құқық қорғау органдарына ұсынатын күдікті қызметкерлердің тізімі бар, — дейді Асхат Рахымжанов.
Депутат Ішкі істер министрлігін екінші деңгейдегі банктердегі менеджерлердің қызметін толық тексеріп, жалған сенімхатпен кредит ашу фактілеріне заң тұрғысынан баға беруге шақырды.
— Біз толық тізімді ұсынып, тергеуге белсенді көмектесеміз, әсіресе Шығыс Қазақстан облысы бойынша, — деп атап өтті Асхат Рахымжанов.