| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова еліміздегі мұғалімдердің кәсіби дайындығына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, көптеген педагогтар өз пәні бойынша өткізілетін тестілеуден өте алмай, білім деңгейінің төмен екенін көрсеткен.
Смирнова QAIMAQ YouTube арнасына берген сұхбатында мұғалімнің басты міндеті — өз пәнін толық меңгеру екенін айтты.
- Егер адам өзін белгілі бір пәннің мұғалімімін десе, онда сол пәнді қаншалықты білетініне өзі жауапты. Бұл мәселе бір ғана курстың немесе мемлекеттің мойнында емес, – деді ол.
Депутат педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінде жүйелі мәселелер бар екенін де атап өтті. Оның пікірінше, қолданыстағы бағдарламаларға қарамастан, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жұмыстары жеткіліксіз.