Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ДСМ Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді
Жаңалықтар

ДСМ Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді

26.12.2024
1 мин
0
401

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок. 

26 желтоқсан күні таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13 - травматология бөлімшесінде, 2 - нейрохирургия бөлімшесінде, 1 – хирургия бөлімшесінде ем алды. 

Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11 ауыр жағдайда, 14 – орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің  шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда.

11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдауда. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізілді, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды. 

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті. 

Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. 

Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген. 

Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді. 

Зардап шеккендердің жағдайы және олардың емделу барысы туралы қосымша деректер ақпарат жаңартылған сайын ұсынылатын болады.

Ресей тарапымен келіссөздерден, мамандардың консультацияларынан кейін бүгін РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге 9 пациент, Ресей азаматтары жіберілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл