Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өткен демалыс күндері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысында сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың, әкімдердің орынбасарлары мен еліміздің барлық облыстарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары төрағаларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мәселелері бойынша апта сайынғы жедел кеңесті өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Бағаны тұрақтандыру, белгіленген бағаларды орнату мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру, экспортқа бағдарланған компанияларды қолдау және т. б. алгоритмдер талқыланды.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне нөлдік өсім Қазақстанда екінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының жалпы индексі 4,3%-құрады және бұл жақсы көрсеткішті жарты жылдықтың соңына дейін сақтау қажет. Бағаның тұрақтылығына ӘМАТ тобының неғұрлым проблемалы тауарлары бойынша нақты жұмыс арқылы қол жеткізілді», - деді ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев. Оның айтуынша, жекелеген өңірлерде дефляция және ӘМАТ бағалар индексінің төмендеуі байқалады.