Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлем экономикасында жаңа мәселелер анықталып жатыр, деп хабарлайды Bloomberg.
Мамандардың айтуы бойынша, әлем бойынша пандемиядан кейін экономика қайта қалпына келіп жатыр. Десе де қауіп сейілер емес.
Pacific Investment Management кеңесшісі Иоахим Фелстің айтуынша, қазіргі таңда елдердің экономикасы тұрақталып келеді, бірақ одан кейін жағдай қайта төмендейді.
Дамыған елдерде мемлекеттік қолдау барысында экономика оңалып жатыр. АҚШ-та өткен айда жұмыссыздар саны азайса, Қытайда экономика қалпына келді, ал Германияда өндіріс саласы жанданып жатыр.
Экономистер бұл тұрақтылықты сақтап қалу оңай болмайтынын, коронавирустың кезекті толқынын еңсеру үшін билік басындағылар қазірден бастап кірісу керектігін алға тартты. Брукинг институтының маманы Уоррик Маккиббин әлемдік экономикадағы пандемия салдарынан болған шығындарды 35 трлн долларға теңеп отыр.