Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы лауазымына не себепті ұсынғанын жазды.
Елбасы президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын асықпай, зер сала қараған.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бірге жұмыс істегенін, оның адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін, әлемдік саясаттағы дипломатиялық қырын ескергенін айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергенін, Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым", – деді Назарбаев.
Тағы көру