Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елбасы туралы заң күшін жойды
Жаңалықтар

Елбасы туралы заң күшін жойды

11.01.2023
1 мин
0
720

Конституциялық сот Парламент депутаттары тобының өтінішін қарады.

Депутаттар тобы 5 қаңтарда Конституцияның 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұрады. Сондай-ақ депутаттар "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?" деген сұраққа жауап беруді сұрады.

"2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады", - делінген Конституциялық соттың қаулысында.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл