Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елбасы туралы заң қашан жойылады?
Жаңалықтар

Елбасы туралы заң қашан жойылады?

09.11.2022
1 мин
0
848

Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін жойылады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.

"Қазіргі уақытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" заңның заңды күшін жою мәселесі жалпы отырыста дауысқа салынады", - деді Саиров.

Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин аталмыш заңның референдумнан кейін тоқтатылатыны туралы тілге тиек еткен.

"Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, бұл заңды тиісінше алып тастау керек. Бұл кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында болады", - деді министр.

Оның сөзінше, Қылмыстық кодексте президенттің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн жалпы бап қана болады. Ол барлық президенттерге ортақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл