Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Азық-түлік қоры жасақталды. Біз 140 мың тонна қор жинадық, қазір 113 мың тоннадан броньді алып тастадық. Бізде әлі де қор бар. Бұған қоса, Тәжікстаннан жеткізілім күтіп отырмыз. Өзбекстаннан импорттау басталды. Баға сәл ғана жоғары болады. Бірақ, қазіргі уақытта тапшылық туралы мәселе көтерудің қажеті жоқ. Белгілеген жоспарды мүлтіксіз орындаймыз», - деді министр.
Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде картоп, сәбіз, қырыққабат және пияздың жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар, 6 апта қатарынан азық-түліктің бірнеше түрі арзандап келеді.
«Өздеріңіз де білетіндей, кәсіпкерлер пияздың қандай да бір бөлігін экспортқа шығаруы үшін 20 мың тоннаға рұқсат бердік. Қазірдің өзінде пияздың жаңа өнімі егіліп жатыр. Сонымен қатар қанттың жеткілікті көлемі бар, күріш егіп жатырмыз. Міне, алтыншы апта қатарынан азық-түліктің 6 түрі арзандап келеді: Олар – қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық еті. Өткен аптада картоп пен сәбіз арзандай бастады. Қазір тұрақтандыру қорларынан бұл азық-түлік түрлерін нарықтық бағадан төмен мол көлемде броньнан шығардық. Оларды 610 сауда нүктесінде сата бастадық. Бүгінде мұндай нүктелердің саны Қазақстан бойынша 1 040-қа жетті», - деді Серік Жұманғарин.
Фото: Ашық дереккөзден