Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан вирус анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өнім Сарыағаштағы шекара бекетінде тексерілген. Фитосанитариялық бақылау инспекторлары томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан.
«Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүк иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айналысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді», дейді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.
Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған.
Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді.
фото: foto-ram.ru