Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада 18 наурыздан карантиндік шектеулер енгізіледі
Жаңалықтар

Елордада 18 наурыздан карантиндік шектеулер енгізіледі

16.03.2021
1 мин
1
2083

21 наурызда Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі. Қоғамдық көлік те тоқтайтын болады.

Оған себеп – бас қаланың қайтадан «қызыл аймаққа» кіруі. Сондықтан жексенбіде қоғамдық көлікке де дезинфекциялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.

21 наурызда төмендегі мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған:

·       сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен орталықтары (олардың ішіндегі рұқсат етілген объектілерді қоспағанда);

·       азық-түлік сатпайтын жабық базарлар мен сауда нысандары;

·       жабық спорт нысандары;

·       халыққа қызмет көрсету орталықтары;

·       Қазпошта сияқты мекемелер.

Сондай-ақ сенбі мен жексенбіде фитнес пен спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, СПА-орталықтардың жұмысы тоқтайды.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, өткен мейрамдардан соң індетті жұқтырушылар көбейген. Сондықтан 18 наурыздан карантиндік шектеулері бар қосымша қаулы күшіне енеді.

Айта кететін жайт, 18 наурыздан барлық тамақтану орындарының уақыты таңғы жетіден түнгі онға дейін қысқарады. Ал кинотеатрлар мен кинорумдар жұмысы тоқтатылады.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл