Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді алимент төлемейтіндердің кірістері толық тексеріледі
Жаңалықтар

Енді алимент төлемейтіндердің кірістері толық тексеріледі

29.03.2024
1 мин
3
664
Фото: rutube.ru

Енді алимент бойынша қарызы бар адамдардың кірістері жан-жақтан тексеріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

«Алимент төлемей жүргендердің жаңа кіріс көздерін анықтауда жаңа тәсілдер қолдана бастадық және олар тиімді екенін көрсетті. Енді алимент бойынша қарызы бар адамдардың электрондық әмияндары, букмекерлік компаниялардағы шоттары, биржалық саудадағы бағалы қағаздары, криптовалюталық операциялары, дропшипинг, желілік маркетинг, такси қызметтерінен түсетін пайдасы сияқты кірістері тексеріледі», - деді Талғат Уәли.

Былтыр Қазақстанда төленбеген алимент көлемі 20,7 млрд теңгеге жеткен. 

Талғат Уәлидің айтуынша, былтыр Астана қаласы бойынша төленбеген алимент сомасы 1 млрд. 877 млн. теңге, Алматы қаласында – 528 млн. теңге, Түркістан облысында –2  млрд. 185 млн. теңге, Шымкент қаласында –1 млрд.290 млн теңге, Қарағанды облысында – 904 млн. теңге болған.

«Сонымен қатар, ең аз күрделі алимент өндірістері Ұлытау (126), Ақмола (197), Атырау (266) облыстарына тиесілі», - деді Уәли.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
М
Мадина 30.03.2024
Салеметсиздерме! Колга алмаса кобейп Кетти. Толемейтиндер. Дакумент коп жылдар бойы тураберсе баска сот орындаушыга откизип жиберед неге? Журесин сосын анадан анаган бар. Мына анаган бар деп
Жауап беру
М
Молдашерова Бактыгул Майрамовна 30.03.2024
Салеметсыздерме мен алимент ала алмай жургеныме 3жыл болды 3 балага.Толейтындей етып катан шаралар колдану керек кои каншама аналар киналып жур быр зарплатамен ешкайда жеткызе алмаимыз
Жауап беру
И
Иманова Динара Сапарбаевна 30.03.2024
Менің алимент ала алмай жүрмін 9 жыл болды сот орындаушы осы 9 жылдың ішінде 3-4 рет ауысып кеттің неге
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл