Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі кезде тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне төлем жасау үшін мобильді нөмір бойынша, СМС, QR код, түрлі мобильді әмияндар және т.б. арқылы төлем жүргізіге мүмкіндік бар.Десе де кәсіпкерлер енді арнайы ашылған шот арқылы аударымдар жасауға міндеттелетін болады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (КГД) баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтар арасында қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейінің өсуі елдегі көлеңкелі экономиканың қысқаруына ықпал етеді.
Дегенмен, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша айналымдар фискализациялануға және кәсіпкерлердің салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.
Мемлекет тарапынан бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған, шамамен 1,2 млн микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға салық төлеуден босатылған.
Алайда, бүгінгі күні кассалық тәртіптің төмен деңгейі байқалады, атап айтқанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату кезінде чек берілмейді. Ағымдағы жылы азаматтық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарына 5 ай ішінде ел тұрғындарынан чектерді бермеу туралы 12 мыңнан астам шағым түсті.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық Банкімен, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы және екінші деңгейлі банктер осындай төлемдер мен аударымдарды бөлу және фискализациялау бойынша бірқатар шешімдер әзірледі.
Сондай-ақ, әзірленген шешімдер арасында кәсіпкерлерді ұсынылған тауар, жұмыс пен қызмет үшін есеп айырысу кезінде арнайы ашылған шоттарға аударым жасау талап етіледі.
Тағы көру