Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыскерлерді ұстауға көмектескен азаматтар енді марапатқа ие болады. Олар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйақымен марапатталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа заң жобасына сәйкес, енді көшеде күмәнді жағдайды байқап, дер кезінде полицияға хабар берген кез келген азамат ынталандыруға ие бола алады. Бұл бастама құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында енгізілуде.
Бұған дейін тәртіп сақтау тек құқық қорғау органдарының құзырында болса, енді бұл іске мектеп, аурухана қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де тартылмақ. Қарапайым тұрғындар да қоғамдық көмекші ретінде жұмылдырылып, көшедегі тәртіпті бақылауға, түсіндіру жұмыстарына және құқықбұзушылыққа бейім адамдарды анықтауға үлес қоса алады.
Марапаттау үдерісін ұйымдастыру үшін жергілікті әкімдіктер жанынан арнайы комиссиялар құрылатын болады. Олар үміткерлерді іріктеп, сыйақыны тағайындау және тапсыру жұмыстарымен айналысады. Алайда қоғамдық көмекшілерге тұрақты жалақы қарастырылмаған.
“Қоғамдық көмекшілерге жалақы төлеу көзделмеген. Бұл заң жобасында нақты жазылған. Тек бір реттік сыйақы беріледі. Арнайы комиссиялар аудандық мәслихаттар жанынан құрылады. Ішкі істер министрлігі тарапынан тұрақты түрде көмек көрсеткен азаматтардың тізімі осы комиссияларға жолданады. Ал сыйақының мөлшері мен берілу жиілігін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Мысалы, әкімдік тоқсанына бір рет сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдай алады. Бірақ тұрақты еңбекақы қарастырылмаған”, – деді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.