464.02
536.18
5.54
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Фактчекерлер 15 млн қазақстандықтың дерегі туралы ақпаратқа қатысты маңызды жайттарды атады
Жаңалықтар

Фактчекерлер 15 млн қазақстандықтың дерегі туралы ақпаратқа қатысты маңызды жайттарды атады

14.08.2026
мин
0
112

Даркнетте 15 млн қазақстандықтың жеке деректері сатылымға шығарылды деген ақпарат тарады. Алайда фактчекерлер бұл мәлімет eGov жүйесі бұзылды дегенді білдірмейтінін айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz GFCN-ге сілтеме жасап.

Халықаралық GFCN фактчекинг қауымдастығы 15 млн қазақстандықтың деректері туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме жариялады.

11 тамызда даркнет форумдарының бірінде белгісіз қолданушы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтері бар база сатылатынын хабарлаған. Ол бұл ақпарат eGov жүйесінен алынғанын мәлімдеген.

Осыдан кейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жарияланған файлдарды тексерді. Ведомство мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бұзылғанын растайтын белгілер табылмағанын хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, ұсынылған файлдардың құрылымы eGov жүйесінде қолданылатын форматқа ұқсамайды. Сонымен қатар базаның толық нұсқасы ашық түрде жарияланбаған.

Фактчекерлер мұндай деректер бұрын әртүрлі жерден тараған ақпараттарды біріктіру арқылы жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан сатушының «деректер eGov-тан алынды» деген сөзі әзірге дәлел болып саналмайды.

NoFake.kz жобасының жетекшісі Илья Рыбин мұндай жағдайда «eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі ұрланды» деп жазуға болмайтынын айтты. Оның пікірінше, журналистер дәлелденген ақпарат пен белгісіз адамның мәлімдемесін нақты ажыратып көрсетуі қажет.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, интернетте қандай да бір деректер базасының пайда болуы автоматты түрде мемлекеттік жүйенің бұзылғанын білдірмейді. Қазір бұл ақпаратқа қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл