Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Генетик дәрігер Светлана Перес артық салмақ дұрыс тамақтанбайтын, физикалық белсенділігі төмен адамдарда болады деген аңызды жоққа шығарып, семіздіктің негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мослента" сайтына сілтеме жасап.
Перестің айтуынша, бүгінде адам салмағының артуына жауап беретін гендерде 88-ге жуық мутация белгілі. Бұл рецепторлар 20-дан аса биологиялық процеске қатысады.
"Тамаққа тәуелділік, лептинге төзімділік, микробиотаның теңгерімсіздігі секілді психологиялық факторлардың салдарынан салмақ қосуға болады. Бұл патологиялардың бәрі белгілі бір генетикалық бұзылулардан туындайды", - деді маман.
Дәрігер үлкен скринингтік зерттеулер FTO генінің полиморфизмі семіздікпен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. Зерттеулер оның тәбетті бақылауда маңызды роль атқаратынын көрсетті.