Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Google деректерінің ағуы 2,5 млрд Gmail қолданушысына қауіп төндірді
Жаңалықтар

Google деректерінің ағуы 2,5 млрд Gmail қолданушысына қауіп төндірді

09.09.2025
1 мин
0
200
Сурет: ru.apa.az

Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасының бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәліметтерге сәйкес, ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі аккаунтқа қатысты байланыс деректеріне қол жеткізген. Дегенмен паролдардың өздері тікелей ұрланбаған.

Шабуыл әлеуметтік инженерия әдісімен жасалған: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа кірген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.

Қолға түскен деректерді киберқылмыскерлер Google атынан жалған қоңыраулар шалып, хаттар тарату үшін пайдаланған. Олар қолданушылардан Gmail құпиясөзін қалпына келтіруді талап етіп, кодтар мен аккаунттарға қол жеткізуге тырысқан.

Қауіпсіздік шаралары:

1. Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе қарапайым немесе қайталанатындарын.

2. Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.

3. Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу — он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.

4. Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу.

Мамандардың айтуынша, бұл оқиға жартылай жарияланған деректердің өзі кең көлемді алаяқтыққа себеп болуы мүмкін екенін дәлелдейді. Сондықтан қолданушылар аккаунттарының қауіпсіздігін тұрақты бақылап, дер кезінде шара қабылдауы қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл