Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ішкі істер министрі президентке елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндады
Жаңалықтар

Ішкі істер министрі президентке елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндады

05.02.2025
1 мин
0
129
Сурет: Ақорда

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру барысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің мәліметінше, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 2023 жылы қылмыс саны 12,7 мыңға азайған. Соңғы жылдары, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты ауыр қылмыстардың көрсеткіштері төмендеген. Сонымен қатар тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылу деңгейі жақсарған.

Министр қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары туралы да баяндады. 2024 жылы іздеуде жүрген 1949 адам ұсталды. Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл шараларының нәтижелері таныстырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Есірткі қылмысына қарсы күрес барысында соңғы 12 айда:

  • 7500-ге жуық интернет-ресурс есірткі жарнамалағаны үшін анықталды;
  • 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеді;
  • 64 есірткі зертханасы жойылды.

Киберқылмысқа қарсы шаралар аясында:

  • интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды;
  • нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленді;
  • алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына тосқауыл қойылды.

Сонымен қатар ведомство басшысы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қон бақылауын күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл