Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) алғаш рет 2018 жылдың қыркүйегінде кездескен еді.
Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған баспасөз туры аясында Лос-Анджелесте өткен баспасөз конференциясына қатысып, көз арбасты. Оның видеосы Twitter-дегі DAZN парақшасына жүктелді.
Боксшылар бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап тұрды.
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.