Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін?
Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін?

14.03.2022
1 мин
3
1692

Бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат берді.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Кәрім Мәсімовтың ісі мен оның қанша жылға сотталатынын сұрады. Бас прокурордың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы және оның орынбасарлары 17 жылға сотталуы мүмкін.

"Мәсімов, оның үш орынбасары және екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, билікті асыра пайдалану және пара алу қылмыстары бар. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді", - деді Асылов.

"Бірақ алдын ала айтып кететін болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодексте 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп түйіндеді ол.

Айта кетері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды. Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.

Басында Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу басталған. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.

Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінді. Оның коттеджінен бума-бума доллар мен қымбат көліктер тәркіленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Ж
Жадыра 15.03.2022
Ең ауыр, ең қатал жаза берілсін. Неге Араб Әмірлігіндегідей қолын шауып тастамайды, қаншама адамға қиянат жасады, нешеме жастар қырылып қалды, Ер азаматынан айырылған қаншама отбасы бар, баласынан айырылған қанша ана еңіреп қалды. Солардың көз жасы бар ғой. Сонда мемлекет 17 жыл бойы оның жағдайын жасап бағып отырама тағыда. Оданда оны асырайтын сол қаражатқа жетім-жесірлерге көмек көрсетсін. Оны әбден қинау керек. Билікке отырдым деп білгенін жасағаны үшін.
Жауап беру
А
Айнур 14.03.2022
Шынымен 17 жыл аз ол жауызга омир бакига кету керек ол
Жауап беру
М
Мөлдір 14.03.2022
17жыл аз бізде Қазақстанда осы жағынан осалмыз ау өзге ұлттың адамын барынша сыйлаймыз не қылмыс ия болмаса тәртіпсіздік жасасада кеңпейілділік көрсету керек деп. Ал өзге елге барып қазақтың бір адамы бір тәртіпсіздік істесе кемі кем 2 жылға сотталып кетеді. Не себепті қатаң жаза қолданбайды?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл