Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды.
Атап айтқанда Кәрім Мәсімов отандық бизнес қауымдастығы мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактісі анықталды. құжатталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн. АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд. теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сонымен қатар көптеген құнды заттар – сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды. Бұдан бөлек бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Оның мүліктеріне – Нұр-Сұлтандағы екі элиталық пәтер, Алматыдағы 2 пәтер мен дербес сарай, сонымен қатар Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.
Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастырып жатыр.