Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келесі жылдан бастап су беру келісімшарттары цифрлық форматқа көшіріледі
Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап су беру келісімшарттары цифрлық форматқа көшіріледі

09.10.2025
мин
0
110

Келесі жылдан бастап шаруалармен су беру бойынша келісімшарттар электронды форматта рәсімделеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр.

Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК су пайдаланушылармен электронды келісімшарттар жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асады.

Министрлік биыл қараша айында биллинг жүйесін пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр.

- Келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды форматта рәсімделуі керек. Бұл талап шаруа қожалықтарына, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да су пайдаланушыларға бірдей қолданылады. Төлем де тек қана электронды түрде жүргізілуі керек. Бұл бөлінген су ресурстарының ашықтығы мен нақты есебін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұрынғы келісімшарттарды да жүйеге енгізген абзал. Кімнің қанша су алғанын және қанша қаражат төлегенін біз нақты білуіміз керек. Ортада жүрген делдалды алып тастауымыз қажет. Келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды түрде жүргізілуі тиіс. Төлемді де электронды түрде қабылдау қажет. Каналдың басында жүріп, шаруалардан ақша жинауды тоқтату керек, - деді  Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл