Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Мәскеуде болған теракт нәтижесінде кем дегенде 60 адам, оның ішінде үш бала қайтыс болған. Зардап шеккендердің 120-дан астамы Мәскеу ауруханаларына жеткізілген.
БАҚ беттерінде күдіктілер ақ түсті Renault көлігінде болғаны, ондағы 4 лаңкес Тәжікстан азаматтары деген ақпарат тарады. Олардың екеуі қашып кеткен, ал қалған екеуі қазір тергеуде.
Айта кетейік, Украина тарапы Мәскеуде болған теракт оқиғасына қатысы жоғын ресми мәлімдеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәскеуде қанша қазақстандық студент жүргенін айтты.
«Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты», - делінген хабарламада.
Америкалық саясаттанушы Скотт Беннет РЕН ТВ арнасына берген сұхбатында 22 наурыз күні Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» шабуыл АҚШ Мемлекеттік департаментінің, сондай-ақ үш барлау қызметінің-ЦРУ, Британдық МИ-6 және израильдік «Моссадтың» көмегімен жасалды деген пікір білдірді.
«Менің ойымша, Ресейдегі, атап айтқанда Мәскеудегі концерт залында жасалған соңғы шабуылдар жоспарланбаған күннің өзінде АҚШ Мемлекеттік департаменті, ЦРУ, Британдық МИ-6 және израильдік «Моссадтың» көмегімен ұйымдастырылғаны анық», – деді Беннетт.
Саясаттанушы болған трагедияны ұйымдастырушы АҚШ екенін және террористік акт ресейліктерді шегінудің орнына, Украинамен қақтығыста жеңіске жетудің тағы бір себебі болатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Беннетт шабуыл жасаған адамдар украин ұлтшылдары екеніне сенімді екенін айтты.
Бұған дейін тағы бір америкалық саясаттанушы Джон Вароли Ақ үй өкілі Джон Кирби «Крокус Сити Холлда» жасалған шабуылды ақтауға тырысқанынан кейін Америка Құрама Штаттарын терроризмнің демеушісі деп атаған еді.