| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов мектептердегі білім сапасын төмендететін негізгі проблемаларды атады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Біріншіден, қазіргі білім жүйесінде қағазбастылық, инфрақұрылымдағы теңсіздік, сондай-ақ WhatsApp чаттары мен тапсырмалардың көптігі ұстаздардың оқушымен жеке жұмыс жасау уақытын шектейді.
Қала мен ауыл арасындағы алшақтық әлі де сақталып отыр: кей өңірлерде интернет пен техника жетіспейді. Президенттің «Ауыл мен қала баласының мүмкіндігі тең болу тиіс» деген талабын нақты іске асыру қажет.
Екіншіден, білімдегі олқылықты түзету үшін ата-аналар балаларын репетиторға беруге мәжбүр. Алайда барлық отбасының мұндай мүмкіндігі жоқ. Соның салдарынан білім теңсіздігі артып, әлеуметтік әділетсіздік күшейуде.
Үшіншіден, білім сапасы тікелей ұстазға байланысты. Қағазбастылықты азайту мақсатында цифрландыру жүргізіліп жатыр.
Мұғалімдерді аттестациялау мен жұмысқа қабылдау рәсімдері электронды форматта жүргізілсе де, көбіне тек сканерленген құжаттармен шектеледі. Ал мұндай құжаттардың шынайлығы толық бағаланбайды, сондықтан жеке тұлғаның кәсіби құзыреттілігін нақты анықтау қиын.
Төртіншіден, білім сапасы үшін жауапкершілік көбіне білім басқармаларының мойнында. Ал біліктілікті арттыру орталықтары миллиардтаған бюджет қаржысын иемденгенімен, нақты нәтижесі үшін ешкім жауап бермейді. Мемлекет қаржысы бөлінген болса, оның қайтарымы да талап етілуі тиіс.