Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттен кәсіп бастауға 1,5 миллион теңге қайтарымсыз грант беріледі
Бизнесті қолдау

Мемлекеттен кәсіп бастауға 1,5 миллион теңге қайтарымсыз грант беріледі

15.05.2025
1 мин
0
115
Сурет: Dauletten.kz

Қазақстанда өз кәсібін бастауға ниетті, бірақ бастапқы капитал таппай жүрген жандар үшін мемлекеттен үлкен мүмкіндік бар: 1,5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант берілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетіледі. 2025 жылы бұл мақсатқа 4 500 адамға дейін 1 572 800 теңге көлемінде грант беру жоспарланған. Бұл — бизнесін енді бастағандар үшін үлкен мүмкіндік.

Грант қандай мақсаттарға беріледі?

Бұл қаржы жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға немесе бар жобаны дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, грант қаражатына мыналарды сатып алуға болады:

 •    Еңбек құралдары

 •    Технологиялық жабдықтар

 •   Жануарлар, құстар, көшеттер, тұқымдар

•  Шағын өндіріс немесе қызмет көрсетуге арналған құралдар

Бұл қаражатты несие жабуға, үй жөндеуге, көлік алуға немесе жеке мақсатта пайдалануға болмайды. Грант тек кәсіпкерлік мақсатта беріледі.

Грантты кімдер ала алады?

Қайтарымсыз грантқа келесі әлеуметтік санаттарға жататын тұлғалар қатыса алады:

•  Көпбалалы отбасылар (ресми жәрдемақы алушы ата-ана)

• Қоныс аударушылар және олардың еңбекке жарамды отбасы мүшелері

•   Мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар

•   Атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері

• Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы алушылар

•    Мүгедектігі бар азаматтар

•    Көші-қон мәртебесі бар қандастар

Сондай-ақ үміткер жұмыссыз ретінде тіркелген болуы керек немесе жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелгеніне 3 жылдан аспауы тиіс

Грантқа қатысу үшін талапкерлер міндетті түрде "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, сертификат алуы қажет. Оқу және өтінім беру Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн жүргізіледі.

Мемлекет ұсынып отырған 1,5 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант — жұмыссыз жүрген немесе өз кәсібін нөлден бастағысы келетін азаматтарға берілетін нақты мүмкіндік. Егер сіз жоғарыда аталған санаттардың біріне жатсаңыз және бизнес-идеяңыз бар болса — бұл қолдауды пайдаланып қалуға кеңес береміз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл