Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде мереке күндері ірі сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты.
Әкім Нұр-Сұлтан қаласының жабық ғимараттарындағы кинотеатр, ойын алаңдары сияқты адам көп жиналатын жерлерде әлі де шектеулер барын еске салып, әлі де жалғасатынын айтты.
«Локдаун адамдарға қаншалықты қиын болғанын көрдіңіздер. Оның қайталанғаны кімге керек? Менің ойымша, біз бұған жол бермеуіміз қажет. Жол бермеу сізге және маған, қоғамның әрбір мүшесіне тікелей байланысты. Ал мерекелік демалысты отбасымен өткізген дұрыс. Көптеген адамдар, әсіресе жаңажылдық мерекелер алдында дүкендер, сауда орталықтарына жиі баратыны анық. Осы тар дәлізді кеңейту үшін біз ірі супермаркеттерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруды ойластырып жатырмыз», – деді Алтай Көлгінов.
Яғни қала тұрғындары кешкі сегізге дейін дүкенге баруға асықпай, мереке қарсаңында адам көп жиналатын жерлерден өзін сақтандыра алады.
Қала әкімі сондай-ақ елорданы жабу әзірге жоспарда жоғын айтты. Бірақ КВИ бойынша оң сынақтар көбейетін болса, қосымша карантиндік шектеулер енгізілетінін ескертті.