Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Минскідегі ЕАЭО отырысына Пашинян неліктен қатысқан жоқ?
Жаңалықтар

Минскідегі ЕАЭО отырысына Пашинян неліктен қатысқан жоқ?

27.06.2025
1 мин
0
130
Сурет: коллаж Dauletten.kz

Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер басшыларының жиынына Армения премьер-министрі Никол Пашинян келмеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясына қатысты. Биылғы форумның басты тақырыбы – "Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытындылар мен болашағы".

Президент ЕАЭО-ның интеграциялық алаң ретінде маңызын атап өтті. Оның айтуынша, ұйым Еуразиядағы ең ірі бірлестіктердің біріне айналып отыр. Мүше мемлекеттердің жиынтық экономикалық әлеуеті 2,6 триллион долларға жеткен. Ал 2023 жылы өзара сауда айналымы 98 миллиард долларды құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Елдердің жалпы ішкі өнімі екі жыл қатарынан әлемдік орташа өсімнен жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

Тоқаевтың айтуынша, ЕАЭО дамуы тең құқық, өзара тиімділік және прагматизм қағидаттарына негізделіп, мүше елдердің экономикалық мүдделерін қорғай түсуі тиіс.

Форум барысында Президент цифрлық технологиялардың сауда-саттықтағы рөлі туралы модератордың сауалына жауап беріп, жасанды интеллекттің әсерін де атап өтті.

– Цифрландыру мен ЖИ – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Электронды коммерция, цифрлық құжат айналымы, логистика және автоматтандырылған басқару жүйелері Одақ елдерінің экономикасының ажырамас бөлігіне айналды. Олар шығындарды азайтып, нарыққа шығуды жеңілдетуде. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай цифрландыру мен ЖИ әлемдік ІЖӨ-ге 15 трлн доллар табыс әкеліп, 300 млн-ға жуық жұмыс орнын ауыстырады, – деді Тоқаев.

Ол ЖИ-дің теріс жақтарын да жоққа шығармады. Мысал ретінде ChatGPT қолданушыларын келтіріп, тіпті кей саясаткерлердің баяндамаларын да осы құрал арқылы жазатынын айтты.

ПАШИНЯН НЕЛІКТЕН КЕЛМЕДІ

Армения Премьер-министрінің форумға қатыспауы көпшіліктің назарын аудартты. Беларусь Президенті Александр Лукашенко Армения делегациясының жиынға келмегенін атап өтті. Ол Пашинянның шешіміне ЕАЭО ішіндегі кейбір түйткілдер әсер еткенін жеткізді.

– Армения неге мұндай ұстанымда? Мүмкін, бәрімізде де кемшілік бар шығар. Кінәні тек бір тарапқа арту дұрыс емес, – деді Лукашенко.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейінгі стратегияда көзделген 18 бағыттың ешқайсысы орындалмаған.

– Терең талдау жүргізуге құлық жоқ, бірақ мәжбүр болуымыз керек. Орнымызда тұрып қалсақ, өзгелер оздырып кетеді. Одақ тартымды болуға тиіс, – деп қорытындылады ол.

КЕДЕНДІК БАЖ МӘСЕЛЕСІ

Ресейге қарсы Батыс санкцияларынан кейін, кей тауарлар енді ЕАЭО елдеріне Қазақстан арқылы жеткізіліп жатыр. Осыған байланысты одақ ішінде кедендік баж үлесін қайта қарау қажеттілігі туындауда. Қазіргі бөлініс бойынша кедендік баждың:
    •    85,065%-ын Ресей,
    •    6,955%-ын Қазақстан,
    •    4,86%-ын Беларусь,
    •    1,9%-ын Қырғызстан,
    •    1,22%-ын Армения алады.

Анықтама: ЕАЭО – 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан экономикалық бірлестік. Оның құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл