Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда мобильді интернеттің сапасы мен тариф бағасының көтерілгені халықтың наразылығын тудырған болатын. Осы орайда мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингіне шолу жасап көрдік. Интернет жылдамдығы бойынша көшті қай ел бастап тұр? Қазақстандағы жағдай қандай? Көрші мемлекеттер нешінші орында? Толығырақ Dauletten.kz сайтынан оқи аласыздар.
Мобильді интернеттің жылдамдығы жөнінде 2023 жылы Біріккен Араб Әмірлігі көш басында тұр – 200,24 Мбит/с. Екі жыл бұрын да БАӘ бірінші орынды алып, секундына 183,03 мегабит жылдамдық болды. Топ ондыққа Қатар – 182,98, Кувейт – 152,95, Норвегия, Бруней-Деруссалам, Корея Республикасы, Дания, Уругвай, Нидерланды, Қытай елдері енді. Алпауыт ел саналатын АҚШ – Эстония, Литва, Болгария сынды мемлекеттерден артта қалып, 27 орынға табан тіреді, мобильді интернеттің жылдамдығы – 76,71 мбит/с.
Рейтинг https://svspb.net/ сайтынан алынған
140 елдің ішінен Қазақстан – секундына 34,07 мегабит жылдамдықпен рейтингтің 68-ші орынға тұрақтанды. 2021 жылғы дерек бойынша 105-ші орында тұрған болатын. Екі жылда 37 орынға көтерілуді жақсы нәтиже деп көрсек болады. Осы орайда айта кетейік, Beeline компаниясы бәсекелестері арасында 35,5% дауыс жинап, 2023 жылы Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернет желісі ретінде көшбасшы болды.
Көрішлес елдермен салыстыратын болсақ, Қырғызстан – 82, Ресей – 96, Өзбекстан – 107, Тәжікстан – 133. Осылайша Қазақстан Еуразия Экономикалық Қауымдастығы және Орта Азия елдері ішінде ең жылдам мобильді интернет қолданушылары бойынша бірінші орын алды. Ал мобильді интернет ең нашар, яғни антирейтингте топ-3 мемлекет: Ауғанстан – 138, Куба – 139, Судан – 140.