Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұнай, Қазақстан және ОПЕК
Қаржылық сауат

Мұнай, Қазақстан және ОПЕК

28.01.2021
1 мин
4
7406

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 12 орында, ал мұнай өндіруден 16 орында болғандықтан, ел экономикасы үшін мұнайдың маңызы өте зор. Осы орайда Brent мұнайы мен WTI мұнайының айырмашылығы, Қазақстан шығаратын мұнай түрі және оның экономикаға әсері жайлы толығырақ тоқталамыз. 

  • Brent немесе WTI? Олардың айырмашылығы неде және қандай мұнай бағасы Қазақстанның экономикасына әсер етеді?

Әлемде бірнеше ондаған мұнай сұрыптары (сорт) бар. Бірақ олардың ішінде ең негізгісі – Brent және WTI. Ал басқа сұрыпты мұнайлардың бағалары осы екі сұрыпқа қарап есептеледі. Екеуінің де атауы мұнай шыққан кен орнына байланысты қойылған. Яғни, Brent мұнайы британдық солтүстік теңізіндегі Brent кен орнынан алынады. Сәйкесінше, Brent маркасы Лондон биржасында саудаланады.

Екінші WTI мұнай сұрпының химиялық құрамы Brent-ке ұқсас, тек сәл өзгешеліктер бар. Бұл мұнай АҚШ-тың Техас штатында өндіріледі. Атауы да содан алынғандықтан, West Texas Intermediate (WTI) деп аталады. Бұл сұрып NYMEX биржасында саудаланады. Мұнайдың өзі әлемдегі барлық мұнай көлемінің 1%-ін ғана құрайды. Соған қарамастан, экспорттық бағаларды құруда қолданылады.

Қазақстан мұнайының маркасы - Urals. Оның бағасы Brent маркасынан шамамен 12 долларға арзан.

  • Мұнай бағасын қоятын кім?

Сіз жаңалықтардан көретін мұнай бір баррельдің бағасы. Қазіргі кезде 1 баррель - 158,988 литрге тең.

Ұзақ мерзімде мұнай бағасына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Мысалы, мына жағдайлар орын алса, мұнай бағасы өседі:

  • Әлемдегі халық санының өсуі.
  • Экономикалық өсу - мұнайдың көбірек қолданылуына әкелуі(мысалы, Қытайдағы орта таптың жағдайы жақсаруына байланысты, олар велосипедтен көлікке көшеді, мұнайға сұраныс артады).
  • Қытай мен Индия экономикасы осы үрдіспен өсе берсе, мұнайға деген сұраныстың күрт өсуін көреміз. Әсіресе басқа энергия көздері болмаған жағдайда баға өседі.

Қысқа мерзімде мұнай бағасына әсер ететін факторлар:

  • Мұнай - биржада ең көп саудаланатын тауар. Биржадағы қысқа мерзімдегі сұраныстар мұнай бағасына қысқа мерзімді әсер етеді.
  • Егер әлемдік рецессия бола қалса, мұнайға сұраныс төмендейді, сәйкесінше баға да төмендейді.
  • Алайда рецессия аяқталған соң, мұнай бағасы қайтадан жылдам өседі.
  • ОПЕК ұйымы да мұнай бағасына қысқа мерзімде әсер ете алады. Мысалы, Сауд Арабиясы ұсынысты ұлғайтса (мұнай өндірісін көбейтсе), мұнай бағасының түскеніне куә боламыз.

 

  • Мұнай бағасы түссе не болады?

Мұнай бағасының түскені, күнделікті тұтынушылармен кішігірім фирмалар үшін жағымды. Оларға транспорттық шығындар арзан түседі. Алайда мұнай бағасының арзандауы әрқашан жақсы емес. Кейде мұнай рецессия қаупінен арзандайды. Төмен мұнай кесірінен, кейбір мұнай өндірушілер бизнестен шығуына тура келеді. Көп адамдар жұмыссыз қалады, инвестиция азаяды. Қысқасы, мұнай бағасының төмендеуі әр елге әртүрлі әсер етеді. Мұнай импорттайтын мемлекеттер (мысалы, Германия, Жапония, Индия) мұнайдың арзандауына жақсы қарайды, олар үшін бұл жағымды. Алайда мұнай экспортына тәуелді, дамушы елдер үшін (мысалы, Қазақстан, Венесуэла) төмен бағалы мұнай - экспорттық пайданың азырақ болуы дегенді білдіреді, яғни жағымсыз әсер етеді. WTI маркасының бағасы Қазақстан экономикасына Brent маркасының бағасындай әсер етпейді.

  • ОПЕК ұйымы деген не?

Мұнай бағасына қатысты құбылыстарды түсіну үшін, бізге OPEC ұйымымен танысуға тура келеді. OPEC – құрамында 14 мемлекеті бар мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы. Оған әлемдегі барлық мұнай қорының 82%-і, әлемдегі мұнай өндірісінің 44%-і тиесілі. Бұл ұйым мұнай бағасына қатысты сұрақтарды шешуде картель ретінде жұмыс істейді. Яғни барлық экспорттаушы елдер келісіп, мұнай бағасына әсер етуге тырысады. Мысалы, 1970 жылы мұнай бағасын өсіру үшін ОРЕС елдері келісіп, мұнай өндірісін тоқтатты. Не үшін? Мұнай бағасын көтеру үшін. Олар көздегеніне жетті, мұнай бағасы бір түн ішінде үш есеге өсті. Мұнай өндіруші елдер үлкен пайдаға кенелді. Ал мұнай импорттаушылар қымбат бағаға тап болды. Бірақ, ОРЕС өз тұзағына өзі түсіп қалды. Қымбат бағалар мұнай импорттаушы елдердің сұранысын азайтады (Мысалы, АҚШ мұнайға бағынышты болмау үшін үнемдірек машиналардың өндірісін дамытып, басқа энергия көздеріне көше бастады). Осылайша, уақыт өте келе мұнай бағасы қайта түседі. Демек бағаға қысқа мерзімді әсер етеді. Көптеген елдер мұнайға бағынышты болмау үшін, басқа ресурстар мен энергия көздеріне көңіл бөлуде.

Қазіргі кезде әлемде болып жатқан індеттің де мұнайға әсері бар. Мысалы, Қытай әлемдегі ең үлкен мұнай импорттаушы ел (күніне он млн баррель). Пандемия әсерінен көптеген фабрикалардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мыңдаған ұшақ рейстері де тоқтады. Яғни, мұнайға деген сұраныс(demand) азайды. Қорытындылай келе, мұнайға ұсыныс(supply) көбейді. Өз кезегінде, мұнай бағасы төмен түсті. Бағаның қалай өзгеретінін дөп басып айту қиын. Себебі бұл көбінесе экономикалық емес, саяси әрекеттерге де байланысты.

Маулен Орынбасар

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
Д
Дастан 28.01.2021
Болашақта мұнайға сұраныс азая түсетіні сөзсіз. Сол себептен оған тәуелді болмаудың жолдарын іздеу керее
Жауап беру
Ж
Жазира 28.01.2021
Мұнайды қалай шығарып қандай еңбекпен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар жайында неге айтылмайды?
Жауап беру
Ж
Жазира 28.01.2021
Мұнайды қалай шығарып қандай еңбекпен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар жайында неге айтылмайды?
Жауап беру
Ж
Жазира 28.01.2021
Мұнайды қалай шығарып қандай еңбекпен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар жайында неге айтылмайды?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл