Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Отбасы банк” АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова “Наурыз жұмыскер” бағдарламасына кімнің қатыса алмайтынын түсіндірді, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.
Оның айтуынша, бұл бағдарлама негізінен жұмысшы мамандық иелеріне арналған. Ең алдымен, тау-кен, қайта өңдеу және өнеркәсіп салаларының қызметкерлеріне басымдық беріледі. Сонымен қатар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының мамандарына ерекше назар аударылады.
- Өтінім берушінің шынымен жұмысшы мамандығының өкілі екенін анықтау маңызды. Бұл – технолог, сынама алушы, жүргізуші сынды мамандықтарды қамтиды. Ал осы салалардағы кеңсе менеджерлері, бухгалтерлер, PR-мамандары “Наурыз жұмыскер” бағдарламасына қатыса алмайды, – деді Ләззат Ибрагимова сенаттағы парламенттік тыңдауда.
Сонымен қатар, ол бағдарлама аясында берілетін несиенің ең жоғары сомасын атады.
- Құжаттарды тексергеннен кейін өтінім иесі пәтер таңдай алады. Астана мен Алматы қалаларында ең жоғары сома – 36 млн теңге, ал облыс орталықтарында – 30 млн теңге. Үйді Baspana Market порталынан таңдау қажет, бұл бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу үшін жасалған. Егер, мысалы, теміржолшы Астанадан 80-90 шақырым қашықтықта тұратын болса және өзіне жақын моноқалада немесе аудан орталығында пәтер алғысы келсе, бірақ бастапқы баспана болмаса, қайталама нарықтан үй сатып алуына рұқсат беріледі. Сонымен қатар, егер пәтер әрленген болса, алғашқы жарна 10 пайызға дейін төмендетіледі, – деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.