Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
1) бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;
2) қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
3) "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz);
4) қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;
5) міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру.
Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қызметкерлерге COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салу жұмыстарын ұйымдастыру қажет (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Қаулы 2021 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.