Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы "Абу-Даби Плаза" ғимаратында өрт шықты

10.03.2022
1 мин
0
1440

Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.57-де түскен.

"Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минута келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жануы орын алғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілердің келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған", - делінген хабарламада.

Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл