Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылар онлайн оқуы мүмкін
Жаңалықтар

Оқушылар онлайн оқуы мүмкін

25.01.2022
1 мин
11
3560

Оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып және елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының ұсынымдары бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Мәселен, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және қуаты 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс жасайды», - деді Ажар Ғиният. Министрдің атап өтуінше, 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында толтыру 50 пайыздан аспау керек. Бастауыш мектеп оқушылары штаттық режимде білім алады. Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакциналаумен қамту деңгейі ескеріледі. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: лекциялар – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді. «Бұл ретте, балалардың арасында да ЖРВИ мен КВИ-ден сырқаттанушылықтың 1,3 есе көбейіп отырғанын ескеріп, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуына мониторингіні жалғастыратынын және бұзушылықтар анықталған жағдайда, оқыту онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет», - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
А
Алмагуль 26.01.2022
Осы аяздар басылғанша неге онлайын оқытпады екен, 3тоқсанды онлайын бітірү керек еді
Жауап беру
А
Ақмарал 25.01.2022
Барлық мектептерді жапсын Балдарымның денсаулығы маңызды
Жауап беру
С
Сабира 25.01.2022
Мумкин дегени калай? Балалар мен коса ересектектерде жаппай ауыруда 1 ай онлайн жасап ауру басылганын неге кутпей жатыр екен осы… Окушылар мен студенттер онлайн окыганы дурыс… Олар ауырса барлык азабын ата анасы тартады…
Жауап беру
Л
Лаура 25.01.2022
Мектепке барып кызым ауырып келди температура туспей иши ауырып жатыр онлайн болгары дурыс балам денсаулыгы манызды
Жауап беру
Г
Гульбаршын.Ертеңге29октябрьге 25.01.2022
18-30 жас аралығындағы жастар омикрон штампымен ауыру
Жауап беру
м
макпал 25.01.2022
Мектепте мугалім барі тумау олар болнич шыкпайды ..Барыда ол тумауды балдарга жұқтырад..
Жауап беру
А
Айнур 25.01.2022
Онлайн оқып жатыр мыз
Жауап беру
Ж
Жаркынай 25.01.2022
Онлайн оку керек мынандай жағдайда дари дәрмекпен кетіп жатыр әқшамыз жетпейді . Барлық зат кымбат
Жауап беру
А
Агила 25.01.2022
Онлайн болсын балдар ауырып жатыр
Жауап беру
Д
Динара 25.01.2022
Онлайн болсын балдар ауырып жатыр катты
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл