Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қайырлы таң, қазақ елі! Жағымды жаңалық көп болсын! Dauletten.kz сайты жаңалық сүйер қауымға өткен аптада болған маңызды оқиғалар топтамасын ұсынады.
Өткен аптада Үкімет отырысында депутаттар біраз маңызды тақырыпты көтерді. Соның бірі Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға жастарды одан әрі жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын ауылды жерлерде бекіту шаралары туралы сұрақ қойды.
Айтпақшы, Үкіметте Светлана Жақыпова жалқау азаматтарды біраз сынға алды. Сөзіне сенсек, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылды жерге дәнекерлеуші керек. Жалақысы - 600 мың теңге. Сондай жұмыс орнына бармай жүрген азаматтар бар екен.
Аптадағы көпті қуантқан жаңалықтың бірі – ҚР азаматтығын алу ережесіне енген өзгеріс болды. Енді Қазақстан азаматы болғысы келген шетелдіктерге қазақ тілін, Конституция негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу міндеттелді.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қабылданып жатқан жұмыспен қамту бағдарламалары туралы пікір білдіріп, арифметика заңдарына күмән келтірді. Аймағамбетовтің айтуынша, 2008 жылдан бастап Қазақстанда жұмыспен қамтудың бес бағдарламасы қабылданған, бірақ олардың ешқайсысы нақты нәтижелер бермеген. Толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.
Жітіқарадағы қайғылы оқиға. Қазан айында 5 бірдей бала жер үйде тірідей өртеніп кетті. Министр Светлана Жақыпова осы оқиғаға қатысты тың деректерді айтты.
Елімізде ең қымбат VIP-нөмірлер қанша тұрады? Осы тақырып сізді қызықтырса, осы жерден толық оқи аласыз.
Шерзаттың өлімі. Қылмысты тергеу барысы қалай болып жатыр? 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады. Аза тұтып жүрген әке өзге елге кеткісі келеді. Себебі осы қылмысқа қатысты әділ шешім шығатынына күмәні бар.
Естеріңізде болса, Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облысы полиция департаментін басқарған Бауыржан Әленов ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ал 15 қазанда Талғар әкімі мен оның орынбасары орнынан босатылды. Дәл сол күні полиция қайғылы оқиға болған күнгі видеоны көрсетті. Қылмысқа қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды.
Енді өнер саласына ауыссақ. Бәріміз білетін "Қазақфильм" шығынға батып отыр. Олай дейтініміз, Қазақстанның басты киностудиясы кино түсіруге 14,6 млрд теңге жұмсап, 695 млн теңге пайда тапқан. Яғни ұлттық киностудия түсірген фильмдер өз бюджетін ақтамайды. Шығын көлемі - 95%-ға жетіп отыр.
Апталық шолуды жағымды жаңалықпен аяқтайық. Қазақтың маңдайына біткен әйгілі жұлдызы Димаш Құдайберген жайлы италиялық “Pensiero” басылымы мақала жариялады. Жазбада қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы баяндалған. Мақаланың толық нұсқасын сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.
Екі жылдан кейін, яғни 2026 жылы елімізде "Болашақтың ойындары" өткізіледі. Алғашында жоспар бойынша аталмыш ойын осы жылы өту керек еді. Алайда елімізде болған су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында кейінге шегерілді.