Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық мереке қарсаңында Павлодар облысында кезекте тұрған көпбалалы және толық емес отбасыларға пәтер кілттері табысталды. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Бүгін 108 қала тұрғынының пәтер кілтін алғанына өте қуаныштымын. Олардың ішінде көпбалалы аналар, жетімдер, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар бар. Екібастұзда тұрғын үй құрылысы жалғасын табады. Соңғы үш жылда Екібастұзда 16 көпқабатты үй салынды. Бір мөлтек аудан бой көтерді», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Баспаналы болғандардың бірі – көпбалалы ана Айдана Мұхамедянова. Төрт баланы жалғыз асырап отырған тұрғынға облыс әкімі тұрмыстық техника сатып алуға қажетті сертификат табыстады.
«Біз үшін бұл айтуылы күн болды. Тарихи мереке қарсаңында пәтер кілтін алып отырмыз. Бүгін жүздеген отбасы баспаналы болды», - деді қала тұрғыны.
Әкімдік дерегінше, биыл 21-мөлтек ауданда 180 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілген. Тағы 144 пәтерлі екі баспананың құрылысы жүріп жатыр.