Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қадір түнін қалай дұрыс қарсы аламыз?
Жаңалықтар

Қадір түнін қалай дұрыс қарсы аламыз?

17.04.2023
1 мин
0
874

Бүгін 17-інен 18-іне қараған түн Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Құран Кәрім түскен Қасиетті Қадір түні. Бұл күні жасаған сауапты іс, оқылған намаз, тілеген дұға қабыл болады. Сондықтан оны дұрыс қарсы алудың 7 амалын Dauletten.kz айтады.

  1. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс;
  2. Бұл түнді Құран Кәрімді оқудан бастаған жөн. Құранның қазақша нұсқасын оқып, ондағы жазылған аяттардың мағынасын түсінуге тырысуы керек;
  3. Қадір түнін мешітте өткізген абзал. Онда көпшілікпен бірге құлшылық жасап, уағыз тыңдауға болады;
  4. Мол сауапқа кенелу үшін Қадір түні садақа беру керек. Бұл түні берілген садақа 84 жыл бергенмен бірдей;
  5. Қадір түнінде намаз оқу 84 жыл намаз оқып шыққанмен бірдей болады. Сонымен қатар, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Аллаға тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады;
  6. Қасиетті түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни» деп дұға етуге кеңес берген. Оның қазақша мағынасы – «Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!»;
  7.  «Субханалла» (Аллаһ Тағала бәрінен де жоғары), «Әлхамду лилла» (Бар мадақ Аллаһ Тағалаға), «Алаһу акбар» (Алла Ұлы) деген сөздердің әрқайсын 33-реттен айтып, тәспі тарту керек. Өйткені тәспі тарту – адамның иманын арттырып, рухын нұрландырады. Онымен қоса, әрбір адам өзі білетін сүрелерді іштей айтып, көп дұға жасап, жақсы тілектер тілегені абзал.

Қасиетті түнді бос өткізбей, Алла Тағаладан қалаған нәрсемізді сұрауымыз керек. Қадір түнін күту сәресінен кейін, таң намазында тоқтатылады.

Сіз Қадір түнін қарсы аласыз ба?
4 адам
Намаз оқып, дұға тілеп барынша пайдалы өткіземін 0%
Қадір түнін қарсы алмаймын 0%
Үйде қарсы аламын 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл