Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президенттің сөгісіне қатысты пікір білдіріп, осы уақытқа дейін бір де бір рет сыйақы немесе бонус алмағанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші әкімнен президент жариялаған сөгіске байланысты пікірін сұраған болатын. Сонымен қатар, осы сөгіске байланысты болашақта қандай да бір сыйақыдан қағылуы мүмкін екені айтылды.
- Қазіргі уақытта жылу мәселесіне қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұндай жағдай енді қайталанбайды деп сенеміз. Барлық мүмкін шараларды қолданып жатырмыз, - деді әкім.
Ол сондай-ақ аймақты басқарған екі жыл ішінде ешқандай сыйақы мен бонустар алмағанын ерекше атап өтті. “Бұған дейін ешқандай сыйақы алмағанмын,” - деп қосты әкім.