Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Германия күн электр станциясын салады
Жаңалықтар

Қазақстан мен Германия күн электр станциясын салады

31.10.2022
1 мин
0
1023

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Екі тарап арадағы сауда-экономикалық қарым қатынасты нығайтуды көздейді. Германия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі.

Осыған байланысты Астана әлемдік экономикадағы жағымсыз факторларға қарамастан, Берлинмен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтап, әрі қарай нығайтуға ниетті.

"Өткен жылы Қазақстанда неміс инвестицияларының көлемі 25%-ке артып, 320 млн доллардан асты. Екі ел арасындағы тауар айналымы да өткен жылы 6%-тен, астамға өсіп, 2,2 млрд долларды құрады. Биыл да бұл көрсеткіштер өсіп келеді. "Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеуетіміз бар", — деді Әлихан Смайылов.

Екі ел арасындағы қуаты 45 ГВт жел және күн электр станциялары мен "жасыл" сутегі өндіретін энергетикалық кешен салу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар премьер-министр Астанада Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қамқорлығымен Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызын атап өтті.

Өз кезегінде Анналена Бербок Қазақстанның соңғы жылдары экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы елеулі прогресін атап өтті.

"Екі тарапқа да тиімді болуы үшін экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту маңызды деп санаймыз", — деді Германияның сыртқы істер министрі А.Бербок.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл