Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің нәтижесінде ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Сонымен қатар, екі ел өкілдері Қазақстаннан ет және ет өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулерді ішінара алып тастау жөнінде келісімге келді.
— Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді Азат Сұлтанов.