Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Жаңалықтар

Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

28.07.2025
1 мин
0
403
Сурет: ria.ru

Елімізде банк картасы мен жеке қаржылық деректерді үшінші тұлғаларға беру фактілері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше, Ішкі істер министрлігі қаржы саласындағы қауіпсіздікті күшейту және азаматтардың дербес деректерін қорғау мақсатында Қылмыстық кодекске енгізілген маңызды өзгерістер туралы ескертеді.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

ІІМ дерегінше, қаскүнемдер мұндай деректерді көбіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру немесе басқа азаматтарды алдау мақсатында пайдаланады. Көп жағдайда азаматтар өздерінің қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін аңғармай қалады.

- Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер – бұл жай ғана ақпарат емес. Бұл – сіздің мүлкіңізге, қауіпсіздігіңізге және заң алдындағы жауапкершілігіңізге тікелей әсер ететін маңызды мәліметтер, – деп ескертеді ІІМ өкілдері.

Министрлік азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • банктік деректеріңізді ешқашан бөгде адамдарға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды басқа тұлғаларға табыстауға немесе "оңай табыс табуға" келіспеңіз;
  • күмәнді жағдай туындаған кезде дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл