Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда электромобильдерге басымдық беру ұсынылды
Жаңалықтар

Қазақстанда электромобильдерге басымдық беру ұсынылды

17.01.2024
1 мин
0
487
Фото: munchkinpress.com

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасында экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында аталған заң жобаларына бастама жасады. Бүгінгі таңда электромобильдер әлемде кең таралып, оған деген сұраныс геометриялық түрде өсуде», - деді Самат Мұсабаев.

Электромобильдердің әлемдік сатылымының соңғы үш жылдық динамикасына көз жүгіртсек, 2020 жылы әлемде 3 миллион 240 мың электромобиль сатылған.

«Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп. 2021 жылы бүкіл әлем бойынша 6,5 миллион электромобиль сатылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. 2022 жылы электромобильдер сатылымның жаңа рекордын орнатты, әлемде 7,8 миллион дана сатылды. 2023 жылы әлемде шамамен 17 миллион электромобильдер мен гибридті автомобильдер сатылды.Ал Қытай 2030 жылға қарай бензинді қозғалтқыштардан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Зерттеушілердің пікірінше, 2035 жылға қарай әлем бойынша эксплуатацияда 130 миллион электромобиль болады», - деді ол.

2021 жылы Глазгода өткен дүниежүзілік климат саммитінде Ұлыбритания, Үндістан, Австрия, Польша, Канада, Түркия және басқа елдер, барлығы 33 ел, сонымен қатар ірі алты автомобиль өндіруші: General Motors, Ford, Mercedes, Volvo, Jaguar/Land Rover және BYD (Build Your Dreams) 2040 жылға дейін іштен жану қозғалтқышы бар көліктерден толық бас тартатынын жариялаған.

«Сонымен қатар бірнеше күн бұрын Дубай қаласында өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі 28-ші конференциясының сегіз климаттық іс-қимыл қарастырылған қорытынды құжаты қабылданды. Негізгі іс-қимылдардың бірі - әртүрлі жолдармен көлік құралдарының шығарындыларын азайту, оның ішінде инфрақұрылымды дамыту және нөлдік немесе төмен шығарындылары бар көліктерді жылдам енгізуді жеделдету. Өйткені электромобильдердің іштен жанатын қоғалтқышы бар көліктермен салыстырғанда экологиялық және экономикалық жаңғынан тиімділігі басым», - деді ол.

Мұсабаевтың айтуынша, заңның алғашқы жобасын дайындаған кезде электрмобильдерді кеңауқымды қолдануға тежеуші фактор ретінде арнайы инфрақұрылымның болмауы және «мұнай өнімдерімен» жүретін көліктердің құнының төмендігін аталды.

«Қазіргі таңда елімізде жағдай түбегейлі өзгерді. Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарында электрқозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, он екі айдың қорытындысы бойынша 7793 электркөлігі тіркелген, бұл электромобиль санының 9,5 есеге өскендігін көрсетіп отыр. Яғни «жасыл» көліктерге сұраныстың көбеюі қажетті инфрақұрылымды дамытуды ілгерлетуді талап етеді.Заң жобаларында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жол жүрісі туралы» заңдарына түзетулер енгізу көзделген», - деді ол.

Заң жобасы мынадай негізгі нормаларды қарастырады:

  • «Электромобиль» және «электрозарядты станция» ұғымдарын енгізу;
  • Коммуналдық ақылы автотұрақтарда (автопарковкаларда, паркингтерде) электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орындарын пайдалану;
  • Тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтау;
  • Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электрозарядты станцияларды орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын, әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санатты стационарлық сауда және мәдени ойын-сауық нысандарын, мәдени-демалыс парктері мен алаңдарын, даңғылдарды, көшелерді, кварталдарды электрозарядты станциялармен жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл